Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдаған

26 сәуір 2024 90

Ақтөбеде прокурорлар үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдаған құрылыс компаниясының басшыларына қатысты істі тергеп, сотқа жіберді, деп хабарлады alash.kz.

Ақтөбе облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігі («Алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу») бойынша қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің жеке бақылауында болды.

2019-2023 жылдары Safina тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші және «Алтын Орда» шағын аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд теңгесін иемденген.

Биыл 25 сәуірде Ақтөбе қаласының прокуратурасы 2 күдіктіге қатысты қылмыстық істі Ақтөбе қаласының №2 сотына жолдады.

Облыс прокуратурасы қазақстандықтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?