Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды» - Қ.Тоқаев

23 наурыз 2024 109

 
 "Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды". Ақорданың ресми телеграм арнасы Қазақстан президентінің осындай мәлімдемесін таратты.
 
"Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты" деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?