Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"13 мың бала, 9 мың әйел". Газа секторында қаза тапқандардың жалпы саны қанша?

19 наурыз 2024 102

Газа секторында Израиль шабуылынан қаза тапқан балалар саны 13000-нан асып кетті.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды alash.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.

 

БҰҰ 7 қазанда Израиль – ХАМАС соғысы басталғалы Газада 13000-нан астам бала мен кем дегенде 9000 әйел қаза тапты деп хабарлады.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Израильдің Газа секторына жасаған әскери шабуылынан кейін 2,3 миллион тұрғын бас сауғалап, босып кетті. Халық аштыққа ұшырады, Газаның көп бөлігі жермен-жексен болды. Соғыс 31000-нан астам адамның өмірін жалмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?