Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбекстан Қазақстан арқылы Ресей газын импорттау көлемін ұлғайтпақ

28 наурыз 2024 78

Өзбекстан билігі 2024 жылы Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау көлемін өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге жуық арттырады. 

«Газпром мен Қазақстан Республикасының үкіметі арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы қол қойылған келісім аясында Ресей газын Өзбекстанға тасымалдаудың жылдық көлемін 2023 жылғы 1,28 миллиард текше метрден 2024 жылы 3,8 миллиард текше метрге дейін ұлғайту жоспарланған», - деп атап өтті ҚР Энергетика министрлігі.

2023 жылдың 7 қазанында үш елдің президенттері ресейлік табиғи газды Қазақстан аумағы арқылы «Орталық Азия – Орталық» газ құбыры арқылы Өзбекстанға тасымалдауды бастады.

UzGasTrade мен Газпром арасындағы келісімге сәйкес, тәуліктік жеткізілім 9 миллион текше метрді немесе жылына 2,8 миллиард текше метрді құрайды. Мұндай көлем,шамамен 448 миллион долларды құрайды, яғни 1000 текше метр газ үшін 160 доллар, деп жазады Коммерсант.

2026 жылдан бастап жеткізуді жылына 3 миллиард текше метрден 11 миллиард текше метрге дейін арттыру жоспарланған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?