Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Крокустағы теракт»: қаза тапқандар арасында 5 бала болған

28 наурыз 2024 134

«Крокус Сити холл» концерт залында болған лаңкестік шабуылдан қаза тапқандардың саны – 143 аадмға жетті. Бұл туралы Ресей ТЖМ мәлімдеді.

ТАСС агенттігінің мәліметінше,көз жұмғандардың тізімі Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне негізделген.

Бұған дейін Ресейдің Тергеу комитетіне террористік акт нәтижесінде туыстарының немесе жақындарының жоғалғаны туралы 143 өтініш түскені хабарланды.Бүгінге қайтыс болған 84 адамның денесі анықталды, оның ішінде 9 бен 16 жас аралығындағы 5 бала бар.

Еске салсақ, Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған қанды шабуылға байланысты төрт күдікті екі айға қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?