Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы елшісі болып тағайындалды

27 наурыз 2024 113

Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?