Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Крокус Сити холлдағы" теракт: 60-тан астам адам қаза болған

23 наурыз 2024 121

Ресей тергеу комитеті "Крокустағы" терактіден 60-тан астам адам қаза болғанын хабарлады. Қаза болғандар артуы мүмкін. 100-ден астам адам жарақат алған.

Белгісіз қарулы топ Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити холл" концерт залына 22 наурыз кешке – мыңдаған адам жиналған концерт басталар кезде шабуыл жасаған.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан қарулы топтың ғимарат ішінде жүргені, кездескендердің барлығына оқ жаудырғаны көрінеді. Шошынған жұрт жүгіріп, сыртқа шығуға ұмтылған.

Ғимаратта кемінде екі жарылыс болып, өрт тұтанған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?