Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Crocus City Hall: 82 адамға жетті. Лаңкестер ұсталды. Тәжікстан СІМ фейк деді

23 наурыз 2024 172

“112” telegram арнасының жазуынша, қаза болғандар саны 82-ге жеткен, 183 адам жараланған.

Жергілікті билік толық тізім Мәскеу уақыты бойынша сағат 10:00-де жарияланатынын хабарлаған.

Іле шала Crocus City Hall ғимаратында атыс жасады деген алты лаңкестің төртеуінің жеке басы белгілі болды.

1) Насридинов Махмадрасул – 37 жаста
2) Исмонов Ривожидин – 51 жаста
3) Сафолзода Шохинжонн – 21 жаста
4) Назаров Рустам – 29 жаста.

Олардың барлығы Тәжікстан азаматтары. Олардың екеуі қазірдің өзінде ұсталды, қалғандары іздестірілуде (BAZA).

Алайда Тәжікстан СІМ Крокус Ситидегі шабуылға қатысы бар тәжік азаматтары туралы ақпаратты фейк деп атады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?