Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Батыс Қазақстанда қар қатты еріп, өзендерде су тасуы ықтимал

25 наурыз 2024 160

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше,Батыс Қазақстан облысында 25-28 наурыз аралығында күн жылынып, қар қатты еруі мүмкін.Сондай-ақ бұл күндері жаңбыр жаууы да мүмкін. 

Әсіресе, 26 наурызда өңірдің кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.

«Қардың қарқынды еруі салдарынан су ағыны қалыптасады. Мұздың қалыңдығы сетінеп, өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін. Осыған байланысты ескерту жарияланып, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті іс-шаралар қолға алынып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

25 наурыз күні облыстың бірқатар жерінде, Орал қаласында тұман түсуі мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?