Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үйден алған жоқ. Сараптамаға кетті»: Мектеп дәлізінде балтамен жүгірген оқушының анасы тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

20:21, 11 ақпан 2026

Құлсарыдағы мектеп дәлізінде құрласын балтамен қуған Мейіржан Ұзақбайұлының анасы Мәншүк Жиембетова журналист Жанат Молдашеваға сұхбат берді, деп жазады Alash.kz.

Журналист оқушының тәртібі бойынша есепте тұрғанын алға тартып мінезі туралы сұрақ қойғанда Мәншүк Жиембетова былай деді:

«Менің баламның тәртібі жақсы. Жаман болса, ешкім ешқашан да жақсы мінездеме бермес еді».

Мәншүк Жиембетованың оқиғаға оқушылар арасындағы буллингтің қатысы бар екенін айтқаны туралы жариялаған болатынбыз. Бұл туралы ата-ана былай деді:

«Мен білмеймін. Маған айта ма? Айтпайды ғой. Бірақ, мен сұраймын одан. Балалар тиісе ме? Сенен біреу ақша сұрай ма? Маған айт. Мен өзім араласамын. «Жоқ-жоқ» дейді ғой. Балалар айтпайды ғой… Әрине, қиын жағдайда болдым. Ондайды ешкімнің басына бермесін». 

Оқушылардың жаралануына себеп болған қауіпті құрал балта туралы Мәншүк Жиембетова өз жауабын берді.

«Балтаны тауып алған. Оның бәрін тергеушіге айтты. Сараптамаға кетті. Ол қаруға жата ма, жатпай ма? Заң шешеді. Үйден алмаған».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар