Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Дәретханаға шақырып алған… Қатты ызаланған, намысына тиген»: Мектепте балтамен жүгірген баланың анасы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

09:57, 11 ақпан 2026

Атырау облысында мектеп оқушысының қатысуымен орын алған оқыс оқиға туралы, балта ұстап жүргірген жасөспірімнің анасы мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

Мейіржан Ұзақбайұлының анасы Мәншүк Жиембетова сол күнгі жағдайдың көпшілікке тек бір жақты жетіп жатқанын айтты.

5 ақпан күні балам сабағына барды. Екінші сабақ бітіп, қоңырау соғылған сәтте бала сынып ішінде отырды. Оның жазбасы мектептің бейнекамерасында сақталған. Оны көрдім. Бірақ, түсіруге, таратуға рұқсат бермеді. Баламның жаман қылықтағы видеосы тарап жатыр. Ал, неге өзімен өзі отырған сәтін көрсетпейді. Оған сыныптастары - куә. Менің балам 2 қабатта оқиды. Ал, әлгі төрт бала 3 қабатта оқиды. Төрт бала арнайы сыныбына келіп, Мейіржанды дәретханаға шақырып алған. Дәретханада төрт балаға әлі келмейтін болғандықтан осындай жағдайға барған.

Мейіржанның анасының баяндауынша, ұлы күз айында мектеп ауыстырғысы келетінін айтқан. Алайда, нақты кімнен қандай зәбір көріп жүргені туралы тіс жармаған. Анасы ақша талап етіп, буллинг жасау туралы бірнеше мәрте сұрағанда да, Мейіржан ашып ештеңе айта қоймаған.

Балам сабаққа барғысы келмейді. Әке-шешенің айғайымен барып, келіп жүрді. Бір күні «анашым, сіз маған сабаққа бар дейсіз, бір күні басқаша жағдайда келсем не болады?» деді. Оны жаманға жорыған жоқпын. Міне, көрдіңіз бе, арты неге әкелді. Ең соңында жаман атақты менің балам алды. Егер, төрт бала оның сыныбына бармаса, менің балам олай жасамас еді. Қатты ызаланған, намысына тиген. Екі жақты қаралуы тиіс. Менің балам ауру емес. Дәлізде балалар жүр. Кішкентай қыз, ұл тұр. Ауру болса, неге тимейді оларға?! Тек қана төрт баланың артынан қуып жүр. Қатты ашуына тиген. Сол төрт балаға ғана жүгіріп жүр. 

Төрт балаға арыз шағымым жоқ. Балалар бір-біріне кек сақтамасын! Алып-қашпа сөзге сенудің қажеті жоқ!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар