Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талдықорғанда баласы анасын аяусыз соққыға жыққан

15:39, 05 наурыз 2025 359

Талдықорғанда анасын аяусыз ұрып, соққыға жыққан ер адам он-ақ күнге қамалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Қалалық соттың үкімімен 33 жастағы қала тұрғыны өз анасына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша 10 күнге қамауға алынды.

«Оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің (Ұрып-соғу)109-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес сараланды. Жәбірленуші сотта отбасылық жанжал кезінде ұлының оны бірнеше рет ұрғанын айтты.

Айта кету керек, Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер мен толықтыруларға сәйкес бұл бап әкімшілік құқық бұзушылықтар санатынан қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына ауыстырылып, жазаны қатайтуға мүмкіндік берді», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар