Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Серік Сәпиев пен орынбасары арасындағы келіспеушіліктің себебі белгілі болды

17:06, 23 қаңтар 2026

Дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов Серік Сәпиевке қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді. Оның айтуынша, Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов арасындағы келіспеушілік тек қызметтік мәселелерге байланысты туындаған.

Айдар Махметов Instagram желісінде Серік Сәпиевпен жеке сөйлескенін жазып, дау қажетті құжаттарды уақытында бермеу себеп болғанын атап өтті.

«Арнайы атап өткім келеді: қандай да бір физикалық қақтығыс болған жоқ. Ешкім ешкімді ұрған емес. БАҚ өкілдерінен расталмаған ақпарат пен қауесеттерді таратпауды сұраймын», – деді ол.

Оның сөзінше, жағдай толықтай реттеліп, тараптар өзара түсіністікке келген.




Еске ала кетейік, бүгін Қарағанды спортына жауапты Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов жұмыс уақытында жаға жыртысқанын айтқан болатынбыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар