Отандық туынды «Әбіл» фильмі Франциядағы Халықаралық кино фестивальдің екі бірдей жүлденің жеңімпазы атанды, деп жазады Alash.kz.
Аталмыш фильм режиссер Елзат Ескендірдің таспалауымен жарыққа шыққан. Басты рөлді әнші, өнертанушы, актер Ерлан Төлеутай сомдады.
«СҮЙІНШІ!!!
Францияның Нант қаласында өткен UNIVERCINE FESTIVAL-інде “Әбіл” фильмі фестиваль жеңімпазы атанып, қос бірдей жүлдеге ие болды. Оның біріншісі - бас жүлде, Prix du Jury, екіншісі - Prix du Public Univerciné à l’Est 2026 сыйлықтары.
Баршаңызды қазақ киносының халықаралық жеңісімен құттықтаймын! Ортақ қуаныш құтты болсын, ағайын!» – деп жазды актер Ерлан Төлеутай.
Еске салайық, «Әбіл» фильмі бұған дейін де Бангладеш астанасы Дакка қаласында өткен 24-ші Dhaka International Film Festival кинофестивальінде "Әбіл" көркем филмі "Үздік қоюшы-оператор" және "Үздік актер" номинацияларымен марапатталды.