Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова сот ісінде жеңіс тапқанын айтып, халыққа алғыс білдірді,деп хабарлайды Alash.kz.
«Жақсы жаңалық. Ең алдымен алғыстан бастағым келеді…
Өздеріңізге белгілі cот мәселесі бойынша іс жүріп жатты. Жария етіп жазған күннен бастап, маған тілеулес, жанашыр, кеңесші, жол сілтеуші болған әр жанға алғыс. Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды. Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты.
Әу бастан бұл жағдайды сынағым деп қабылдағаным рас. Ешкім, ешқашан үйрете алмайтын өмірлік сабақ болды», — деп сөзін бастады актриса.
Сонымен бірге ол қиын кезеңде жанынан табылмаған жандарға да шүйлікті.
«Айналамда жаным-күнім деп, айналып-толғанып жүрген жандар бір-ақ күнде зым-зия болғанын көрдім. “Не көмек”-деп галочка үшін суық қана смс жолдағандар да болды. Керісінше үнсіз ғана қасымда болып, қолынан келгенін жасап, көмектесуге тырысқан жандарды да көрдім. Бастысы айналамдағы адамдар сүзгіден өтті.
Мемлекеттік құзырлы органдарының табалдырығын тоздырғаным да рас. Заң саласында біраз білімім артты десем артық болмас. Енді адвокатсыз қол қоймайтын темірдей тәртіп енді. ҚР Бас прокуратурасның Азаматтарды қабылдау бөлімінің басшысы Сәкен Сержанұлына, Астана қалалық прокуратурасының Бақылау бөлімінің басшысы Тұрысбеков Нұржан Дүйсенбайұлына,
адвокат Бектеміров Жанарбек Әубәкірұлына алғыс білдіремін. Енді бұл тақырыпқа қайта оралғым келмейді», — деп жазды актриса.