Маңғыстау облыстық полиция департаменті Ақтаудағы қайғылы оқиға туралы хабарлады, деп жазады Alash.kz.
Оқиға 27 тамызға қараған түні шамамен сағат 04:00-де 27-шағынауданда тіркелген. 6-үйдің тұрғындары жедел жәрдем мен полиция көлігінің дабылынан оянып, көпқабатты үйдің кіреберісінде жас қыздың денесін көрген. Куәгерлердің айтуынша, ол тоғыз қабатты үйдің бесінші қабатынан құлаған.
Полиция дерегінше, марқұм 19 жаста болған және бұл үйде тұрмаған. Сондай-ақ, оның психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды.
Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.