Жұлдызды жұп Тұрсын мен Баян Алагөзовтердің қыздарының тұсаукесер тойына қадірлі қонақ ретінде қатысқан әнші Мадина Сәдуақасова желіде жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Кішкентай Алиса мен Алманың алғашқы үлкен тойы. @theritzcarltonalmaty мейрамханасына кіріп қалғаннан гүлдердің аңқыған хош иісі, өте көп гүл… Холлда да залдың ішінде де әдемі гүлдер… Қос Ханшайымның тойын по королевски , ертегідегідей, әдемі сценариймен , арнайы киімдер #dresscode , осы тойға арнайы жазылған музыка, әндер, қойылымдар… Ммм… өте өте әдемі, көңілді той.
Мен бір конкурсқа қатысып IPhone 16 Pro Max ұтып алдым! Тойда тілекті тек @bayanmaxatkyzy мен Тұрсен айтты, әлемдегі ең бақытты ата- ана екенін, бір біріне сезімдерін жеткізді, келесі жылы 10 жылдықтары екен, енді бәріміз бұйырса Тұрсен мен Баяшаның үйлену тойын көреміз. Лайым болсын! Бақытты болыңыздар Ұл қыздарыңыздың қызығын көріңіздер! Қос кенже қыздарыңның алғашқы қадамы құтты болсын! Ерекше естен кетпес әдемі той болды! Қыз аңсаған жандарға жұғысты болсын”,- деп жазды өнер иесі.