Атырауда 59 жасқа қараған шағында Талғат Назаров есімді азамат жоғалып кетті, оның жүрген жері үш тәуліктен бері белгісіз, деп хабарлайды Alash.kz.
Ер адам ауылдық жерден қалаға медициналық көмек алу үшін келгенімен, барар жеріне жетпей, байланыс үзілген. Жақындарының мәлімдеуінше, ол қала ішінде бағдарлаудан қиналады, сонымен қатар эпилепсия дертіне шалдыққандықтан, кез келген уақытта адасып кетуі ықтимал.
Іздестіру шаралары барысында Жайық өзенінің маңынан жоғалған азаматтың жеке заттары, ұялы телефоны мен бас киімі табылды. Ал, Талғат Назаровтың өзі әлі күнге дейін табылған жоқ.
Еске салайық, Талғат Назаров 2026 жылғы 9 қаңтар күні шамамен сағат 13:30-да үйінен шығып, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.