Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл - құлдық сана". Қоғам белсендісі орысша сөйлеген Роза Рымбаеваны сынға алып, айыптады

10:53, 04 қаңтар 2025 664

Қоғам белсендісі Жұлдызай Көшімбекқызы “Қызық премияда” орысша сөйлеген белгілі әнші Роза Рымбаеваны сынға алып, әрекетіне "құлдық сана" деп баға берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Блогер өзінің бұл ойын тарқатып, әншінің қит етсе, орысша сөйлей кететінін түсінбейтінін жеткізді:

Роза Рымбаева сахнада ертеден орысша сөйлейді. Бұл енді оның минусы және үлкен минусы. Тағы бір минусы бар, ол - Розаның көрермендермен кері байланысының нашарлығы. Көрерменнің билетке төлеген ақшасын аз-көп деп таңдамайды, бірақ көрерменнің өзін таңдайды, яғни кез келген адаммен қатар тұруы және суретке түсуі мүмкін емес. Оның жұлдыз ауруы бар. Десек те, балаларын қазақша тәрбиеледі, үлкен ұлы қазақшаны өте жетік біледі, әрі сауатты сөйлейді. Оның сыртында жетім қалған екі баланы қосып өсірді. Артынан сөз ермеген қазақ әйелі, құрметке лайық ана. Қазаққа "Алтын орфейді" әкелуінің өзі мақтаныш емес пе. Алла Пугачева екеуі ғана осы жүлдені алған. Және "Әлия" әнін шырқап әлемді тік тұрғызды. Ол кезде "Алтын орфей" өте бағалы еді. Оның жұлдыз ауруын көтеремін, түсінемін. Бірақ орысша сөйлейтінін түсінбеймін. Құлдық сана. Басқа не болуы мүмкін? Қазақ сахнасында орысша сөйлеу, білмеймін, басқаша түсіндіру мүмкін болса, жаза кетерсіздер. Артық кетсем, кешірім өтінемін. Розалар туады, ал Рымбаева тумайды. Құрметке әбден лайық жан, - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, "Роза Рымбаеваның әзірбайжан жұлдызы қасында орысша сөйлеп, бәрінің быт-шыт болғанын" белсенді Жарас Ниязбек те жазған еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар