Қоғам белсендісі Жарас Ниязбек “Қызық премияда” орысша сөйлеген белгілі әнші Роза Рымбаеваны сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Демалыста ТВ-ға телміреміз ғой. “Қызық премия” көрдім. Былтыр да көргем үзіп-жұлып. Екі жайт ерекше әсер етті.Былтыр үздік деп Грузиядан хит болған топты шақырды. Сахнаға шыққан топ принципті түрде бір ауыз орысша сөз қоспай, ағылшын тілінде сөйледі, пікір алмасты.Биыл үздік деп танылған “Istadim” әнінің орындаушысы әзербайжан жұлдызы Роза Зергерлі қонақ болыпты. Алғашында ана тілінде сөйлеп, орысша сөйлемеуге тырысқан еді. Сахнаға Роза Рымбаева шыққанда бәрі быт-шыт болды. Апам шыққаннан орысша сөйледі. Қонақ Роза ұялды ма, ыңғайсыз санады ма ол да орысша жіберді аттың басын.Жүргізуші Еркебұлан мұндайды күтпесе керек. Былтырғы сценарий болар деп ойласа керек. “Сізбен орысша сөйлесе беруге болатын ба еді? Неге айтпадыңыз?” деп таңданып жүр. Апам бір ауыз қазақша сөйлемеген күйі сахнадан кетті. Ұят болды!Достар, әңгіме бағдарламаның сапасы, техникалық жағы, тіпті, қай арнада көрсетілгенінде емес. Бағдарлама авторларын да, жүргізушілерін де жақсы танимын. Осындай отбасымен отырып көретін сапалы, көңілді бағдарлама жасағандарына алғыстан басқа айтар жоқ.Араға адам салып, постты өшірту туралы өтініш айтушы аға-бауырлар, әңгіме - Роза апаның орыс тілінде сөйлеуі. Ал тіл мәселесінде әр қазақтың принципті позициясы болу керек! - деп жазды автор.