Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұл жерде болғаныма қатты ұялдым: Шымқала алматылықтарды шошытты (ФОТО)

12:30, 16 сәуір 2025 215

2021 жылы Шымкенттің бірегей туристік нысаны және тарихи мақтанышы ретінде таныстырылған “Шымқала” мәдени кешені бүгінде қараусыз қалған ғимаратқа ұқсайды, деп хабарлайды ALASH.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Плиткалар түсіп, қабырғалар жарылып жатыр.

Tengrinews.kz редакциясына осы тарихи кешенге жақында турист ретінде барған оқырмандар жүгінді.

 Олардың айтуынша, нысанның қазіргі жағдайы оларда екіұдай сезім тудырған.

Олар ұсынған фото және видеоматериалдардан кешен ғимаратының қаптамасының бұзылып жатқаны анық көрінеді: кейбір жерлерде қабырғадан плиткалар түсіп қалған.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған пандустың бір бөлігі брусчаткамен төселгенімен, қанағаттанарлық жағдайда емес екені көрінеді: кей жерлерде плиткалар отырып кеткен, кейбір жерлері мүлде қирап, қозғалып кеткен. Бұл пандуспен жүруді қауіпті етеді. Қоршау да бүлінген – қаптамалық блоктардың кей бөлігі түсіп қалған немесе отырып кетіп, қабырғада саңылаулар пайда болған.

Бұл кадрлар наурыз айының соңында Алматыдан келген туристермен түсірілген.

«Шыны керек, мен ол жерде болғаныма қатты ұялдым… Бар болғаны бірнеше жылда бәрін мұндай күйге түсіруге қалай жол беруге болады? Жағдайы өте аянышты…» – дейді “Шымқала” кешенін аралаған алматылықтар.

Жолдарда – шөге бастаған және қираған брусчаткалар, ал бекініс қабырғасының өзінде – жарықтар бар.

Видеоны түсірген азаматтар, әсіресе, бұл аумақта күн сайын балаларымен бірге отбасылар мен егде жастағы адамдар жүретінін айтып, алаңдаушылық білдірген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар