Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Арыстанбектің кезінде бес мың доллар". Танымал актер мемлекеттік атақтың небір түрлерін сатып алуға болатынын жайып салды

18:43, 05 маусым 2024 2168

Танымал актер, продюсер Алмат Сақатов Қазақстанның өнер саласындағы атақ-даңқ, марапаттардың берілу жайы төңірегінде әңгіме өрбітіп, мемлекеттік наградалардың сатылатынын растады. Бұл жайлы Ashyq podcast youtube арнасында айтып берді,деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Танымал актер кино саласына да көңілі толмайтынын айтып, өкпе-ренішін білдірді. Сонымен қатар, астары жоқ, айтары жоқ туындылардың қоғамдық санаға тигізер кері әсерін баяндады.  

“Мен өнер саласында жоғары білім алмаған, театр институтын бітірмеген, Ауыл шаруашылығы, Политехникалық университеттерін бітіріп, КВН ойнап танымал болған балалар жайлы айтып отырмын. Олар қазір кино түсіріп жатыр, үлкен-үлкен жұлдыздар, концерттерді жүргізіп танымал боп кетті. Олар бұған еңбектің арқасында келді. Оқыған балалар бар, олар жалқау, жұмыс істемейді. Бірақ, атақты болғысы келеді. Ал әлгі оқымаған балалар жанталасып жұмыс істеп жатыр. Десе де шығарған дүниелері біркүндік, тез өтіп кететін нәрсеге қызығады. Ертеңіне елдің есінен шығып кетеді. Астары жоқ, айтары жоқ, бір рет тырқылдап күліп, күліп кетесің, болды",- деді. 

Сонымен қатар, актер мемлекеттен атақ ала алмай қалғаны үшін экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптап, марапатты саудаға салғанына қынжылыс білдірді. Ақшасы төленсе, атақтың неше түрін алатынын баяндады. 

"Мен кезінде атақ алуға ұмтылып көрдім. Жігіттер екі рет ұсынды. Бір жолы бір жігіт "Бес мың доллар берсең, ертең-ақ алып беремін" деп айтты. Атақ үшін бес мың беріп не қылам дедім, онсыз да жұмысымды істеп жатырмын. Азды-көпті ел біледі. "Маған өйтіп сатып алған атақ керек емес" деп бас тарттым. "Мынау Арыстанбек министр отырғанда сен өтпейсің" деп айтқан адамдар болды. Себебі кезінде жас кезімізде ұстасып қалғанбыз. "Бауыржан шоудың дүркіреп тұрған кезі, кеудемізге нан піспек түгілі, наубайхана болған. Сондай кездерде әлгі министрмен ерегісіп қалғанбыз. Оның да кінәсі болды, негізі. Бәлкім сол есінде қалып қойды ма екен. Соны бір кездескенде өзінен сұраймын деп жүргем. Бірақ қазір арғы жаққа кетіп, отырып қалды ғой", – деді Алмат Сақатов.

Орайы келгенде айта кетейік,Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталғанын жазғанбыз.  Бұған қатысты оқырмандар пікірталасқа түсті:

“Құттықтаймын жастарға керемет үлгісіздер”, “Құтты болсын сол төсбелгісіне лайықты жан”, “Өте мейірімді, ақкөңіл жан, марапатына әбден лайық”, “Не үшін, қай еңбегі үшін, жауап жоқ”, “Өзі де ұялатын сияқты”, “Бізде сатылмаған не қалды”, – деп жазған еді олар. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар