Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды

18:44, 22 мамыр 2024 703

Бүркіт есімімен танымал әнші Айбек Сейітовтің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төс белгісімен марапатталды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Елге Бүркіт есімімен танылған әнші Айбек Жансейтов елге деген жақсы жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті.

“Сүйінші! Аиша қыздарыңыз бүгін Қазақстан Республикасының “Мәдениет саласының үздігі” төс белгісімен марапатталды. Махаббаттарыңыз үшін үлкен рахмет! Сенімдеріңізге алғыс білдіремін. Қуанышымда шек жоқ!”, – деді әнші.

“Құттықтаймын жастарға керемет үлгісіздер”, “Құтты болсын сол төсбелгісіне лайықты жан”, “Өте мейірімді, ақкөңіл жан, марапатына әбден лайық”, “Не үшін, қай еңбегі үшін, жауап жоқ”, “Өзі де ұялатын сияқты”, “Іштеріңіз күйсін, әбден лайықты”, – деп таласты пікір қалдырушылар.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар