Риддерде ерлі-зайыптыны пышақтап өлтірген қаскөй ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында ерлі-зайыпты өз үйлерінде қандықол адамның қолынан қаза тапты.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, олардың денесі пәтерлерінің ішінен табылған.
Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтады. Қаза тапқан ерлі-зайыптының артында кәмелет жасына толмаған екі баласы қалды.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті жедел іздестіру шаралары барысында ұсталды.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы облыстық полиция басшылығының бақылауында. Тергеу құпиялылығына байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.