Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Трамптың бас ауруы енді нақ басталады»: Әлемдік БАҚ Трамп саясатына қандай баға береді?

20:10, 24 сәуір 2025 703

Әлемдік БАҚ өкілдері Трамптың Украиндағы соғысқа қатысты ұсынған келісімшартын сынға алып жатыр. Журналистердің пікірінше, Трампты мәселенің егжей-тегжейі қызықтырмайды – ол тек соғысты аяқтағанын жариялағысы келеді, деп жазады Alash.KZ zakon.kz порталына сілтеп. 

Лондондық The Guardian газеті:

«Дональд Трамп Украинаның егемендігі мен қауіпсіздігіне, трансатлантикалық альянсқа мән бермейді, оны бірінші кезекте Владимир Путинмен келісімге келу ғана қызықтырады» деп жазады. Ал Путин «Ресей мүдделерін барынша жүзеге асыруға табанды түрде ұмтылады, әрбір бөлшекті қадағалайды және келіссөздер жүргізуді біледі».

Латвиялық Neatkarīgā Rīta Avīze басылымы: 

Трамп үшін ешқандай заң, тарих жоқ. Егер Путин Қырымды жұтып қойса, онда «қолданыстағы жүйе жойылады» деп жазады.

Португалиялық Correio da Manhã газеті АҚШ үкіметін «аңғал» деп атады:

«Трамп қана мұндай күрделі жанжалды екі-үш кездесу өткізіп, бір тараптың қысымымен шешуге болады деп ойлай алады».

Штаттардың өзінде де сын көп. The Wall Street Journal Трамптың ұсынысы Путинге Украинаға қарсы соғыста жеңіске жету мүмкіндігін береді деп жазды. Бірақ «дүние жүзіндегі зұлым адамдар байқап, іске кірісе бастайды, солай Трамптың бас ауруы енді нақ басталады» деп жағдайды бағалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар