Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Соққы жемей, қысым көрмей тұрып кете қойыңыз: Майра Мұхамедқызы басшылық қызметтен көрген қиындығы туралы баяндады

19:00, 28 сәуір 2025 3653

Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы жұмыс барысындағы түрлі қиындықтарға тап болғанын баяндады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

“Хабар” арнасынан көрсетілетін “Алғашқы” бағдарламасына Майра Мұхамедқызы қонақ болды.

”Бізге 2021 жылы Майра Мұхамедқызы басшылыққа келді. Ол кісі келген кезде театрдың іші ескіріп, әбіржіп тұрған еді. Залда бір ғана жарық жанатын. Көрермендер отыратын орындықтардың тозығы жеткен еді. Майра Мұхамедқызы өзі демеушілер тауып, өткен жылы тамыз айында 30 миллионға орындықтарды ауыстырды. Театрдың барлық жерінен су өтетін, іші жылымайтын. Барлығын жөндеуден өткізді. Бұрынғы қалпымен салыстырғанда қазір театр деп ауыз толтырып айтатын күнге жеттік. Шымкент қалалық опера театрын әлемдік деңгейге көтергісі келіп, әлемдік деңгейдегі операларды қойғысы келді. Сол кезде біздегі кейбір мамандар оны түсінбей, айқай-шу шығарды. Басында ұжым ішінде қақтығыстар көп болды. Кейбіреулер Майра апай мамандарды құртып, өзінің командасын жинап жатыр деп ойлады. Қазір бізге әлемдік деңгейдегі режиссерлар мен дирижерлар келіп жатыр”, — дейді Майра Мұхамедқызының әріптесі Ерлан Қолдасбаев.

Майра Мұхамедқызы тіпті ұжымдағы қызметкерлерден де қысым көргенін айтты.

”Театрға бара салған кезде 40 жігіт алдымнан шықты. “Бізден соққы жемей тұрып, қысым көрмей тұрып, ақырындап кетіп қалыңыз, біз сізді сыйлаймыз. Бірақ жаңа адамның келгенін қаламаймыз”, — деді. Сосын мен айналайындар, мен сендерденден қорықпаймын. Бұл өмірде бәрін көрдім. Мен сіздердің жағдайларыңызды жасау үшін келдім дедім. Қазір солардың бәрі менің қызметкерлерім. Осы театрдың жанашырлары. Бір жағынан оларды да түсінуге болады. Қаншама жылдар бойғы театрға деген махаббаты, айлықтары аз, театр жабылудың алдында. Соңғы үміттері қалған сәт. Театрдың ішінде де туыс-туғанын жұмысқа алған жағдайлар болған. Театрға мүлде қатысы жоқ, басқа саладағы адамдар кіріп кеткен. Тәртіп те, заң да жоқ болып, театр деп айтуға ауыз бармайтындай болып кеткен. 4 жылда 160 адамды жұмыстан шығардым. Кадр бөліміндегі маман “Майра ханым, болды енді, жарты Шымкентті жұмыстан шығардыңыз ғой”, — деді. Басында енді маман табылмай қала ма деп те қорықтым. Бірақ бір есік жабылса, екіншісі ашылады дегендей, аз айлыққа сізбен бірге жұмыс істеп, әлемдік тәжірибені көргіміз келеді деген керемет мамандар келді”, — дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар