Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шойгу не мақсатпен келді?

26 сәуір 2024 255

Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу Астанаға жұмыс сапарымен келді.

26 сәуірде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді деп жоспарланып отыр.

"Кеңес барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ, ШЫҰ форматындағы қорғаныс ведомстволарының одан әрі ынтымақтастығын талқылау жоспарланып отыр", - делінген мәліметтерде.

Шойгу ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери ведомстволарының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

Кеңеске ШЫҰ-ға қатысушы елдердің қорғаныс министрлері, ШЫҰ бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқарушы комитетінің директоры, сондай-ақ, Беларусь әскери ведомствосының басшысы бақылаушы мемлекет ретінде қатысады.

Ал ұйымға Қазақстан және Ресей, Пәкістан, Қытай, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан елдері мүше.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?