Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақтың жігіттерінде көк тиын жоқ: Анара Батырхан өзіне дәрі алып бере алмаған жігіт туралы қатты айтты

12:00, 30 сәуір 2025 1210

Әлеуметтік желіде тележүргізуші Анар Батырханның өзіне сөз айтқан жігіттер туралы баяндады, — деп хабарлайды ALASH.KZ ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Тележүргізушінің айтуынша, араласып жүрген жігіті ауырған кезде қамқорлық көрсетпеген.

«Ауырып тұрған кезімде мукалтин алып беруге жарамады. Оны өзім де ала аламын. Тек қамқорлығын көрейін дедім. Содан кейін бірден жоқ деп өзіңе осының бәріне көнетін амеба қыз тауып ал дедім», — дейді Анар Батырхан.

Оның бұл сөзін жақтап, “Қазақтың жігіттерінде көк тиын жоқ”; “Ешкімнен ештеңе күтпеу керек”; “Ондай еркектер керек емес”; — деп пікір жазып жатқандар да бар.

Ал кей желі қолданушылары мүлде басқа пікірде.

«Осыны айтып отырған өзің амеба», «Осы сен байсыз қаласың-ау», «Қазіргі қыздар қиын болып кеткен», «Қу тізеңді құшақтап қалма», — деді тағы бір бөлігі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар