Жетісу обылысында 4 баланың әкесі полиция қызметкерін кінәлап, өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұм Азат Құдайбергенов 27 жаста. Оқиға ауылдағы дүкеннің сейфінен 300 мың теңгенің жоғалуынан басталған.
Полиция ұрлық жасады деген күдікпен оқиғадан 10 күн бұрын сол жерден жұмыстан шығып кеткен марқұм Азат пен бауыры Сағатты ұстаған.
Марқұмның бауырының сөзінше, полицейлер нақты кінәліні іздеуге тырыспай, екі ағайындыға жала жаппақ болған.
Осылайша марқұм электр бағанына асылып қалған. Кейін Азаттың бас киімінің ішінен хат табылған.
Ол жерде өзінің де, інісінің де кінәсіз екенін жазған. Сондай-ақ бұл жаланы көтере алмайтынын айтқан.
Анасының сөзінше, баласының денесінде ұрып-соғу белгілері болған. Ерні жарылып кеткен. Шынтақтарында көгерулер мен сызаттар болған.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала тергеу жүріп жатыр.