Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Петропавлда 2 ер адам пәтерде 19 жастағы қызды аяусыз зорлаған

19:40, 23 сәуір 2025 2393

Петропавл қаласында екі ер адам 19 жастағы қызды зорлады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Оқиға 19 сәуір күні Кизатов көшесіндегі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде болған.

Көршілердің айтуынша, түнгі сағат үш шамасында пәтерден шу естіліп, олар 102 нөміріне қоңырау шалған.

Полиция қызметкерлері келген кезде, пәтер есігі ұзақ уақыт ашылмаған. Алайда есік ашылғаннан кейін, үй иелері түн ортасында оятып жібергендеріне наразы болған.

Дәл сол сәтте пәтерден “көмектесіңдер, мені зорлап жатыр” деген айқай естілген. Көршілер қыздың аузын жауып, күшпен ұстап тұрған болуы мүмкін деп болжайды.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Liter.kz редакциясының сұрауына жауап беріп, 19 жастағы Петропавл тұрғынын зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 27 және 25 жастағы екі қала тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар