Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев пен Гитлер. Қуандық Гитлердің сөзін басқа адамға теліп, қате қолданды

06 мамыр 2024 587

Бүгін соттағы соңғы сөзінде Бишімбаев Адольф Гитлерге тиесілі сөздерді мысалға келтірді.

"30-шы жылдары фашистік Германияда атышулы пропаганда министрі болған. Оның әйгілі сөзі бар: "біздің өтірік сұмдық болған сайын оған халықтың сенуі оңай" деген. Менің ісімде де осылай болып тұр", - дейді Бишімбаев.

Шындығында, бұл сөздер сәл басқаша айтылған: "Өтірік қаншалықты қорқынышты болса, оған соғұрлым сенеді". Оған қоса ол үгіт-насихат министрі Йозеф Геббельске емес, Адольф Гитлерге тиесілі. Бұл фразаны 1925-1926 жылдары жарияланған Mein Kampf идеологиялық манифестінен табуға болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?