Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

90 млн теңге берешегі бар. Түркістан облысында жүргізуші ұсталды

26 сәуір 2024 208

Естімеген елде көп. Түркістан облысында полиция 90 млн теңге берешегі бар жүргізушіні ұстады, деп хабарлады alash.kz сайты Halyq Uni - ке сілтеп.

Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander автокөлігін анықтады. Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне тасжолдағы борышкердің көлігі бойынша сигнал түсті.

Тексеру кезінде полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғынының сот орындаушының қаулысына сәйкес 90 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады.

Заң талаптарына сәйкес, полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақтылы төлеу қажеттігін түсіндірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?