Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды

12 наурыз 2024 98

Шымкент қаласында бюджет қаражатын жымқырған спорт мектебінің бапкерлері сотталды.

Оларға 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды, делінген хабарламада.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелген. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?