Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сенаторлар қандай Заң жобаларын қарап жатыр?

05 наурыз 2024 133

Бүгін Президент Қасым -Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. 

Кездесу барысында, Парламент Сенатының реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарының өткен айлардағы қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілген.

Сенат төрағасының айтуынша, қазіргі уақытта әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қоны, байланыс және цифрландыру, ғылым және білім мәселелеріне қатысты заңдар сенаторлардың қарауында жатыр.

Ал сенаторлар ғылым, сот жүйесін реформалау, органикалық өнімдердің айналымы, қауіпсіз еңбек жағдайын жетілдіру және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі 10 заң жобасын Мәжілістің қарауына ұсынды.

Биыл Бюджет, Құрылыс, Су, Салық және Цифрлық кодекстерін, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Масс-медиа туралы» және «Жылу энергетикасы» туралы заң жобаларын қарау жоспарланып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?