Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан мен Өзбекстан бір-біріне су есептейтін қондырғылар орнатпақ

19 наурыз 2024 98

Қазақстан мен Өзбекстан қос мемлекет тұтынатын судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін су есептейтін қондырғыларды орнату жөнінде келісімге келді.

Бұл ретте Қазақстан Өзбекстан аумағында су есептейтін құрал орнатса, өзбек тарапы біздің елде өз қондырғыларын қояды. Сондай-ақ тараптар өзара онлайн-режимде ақпарат алмасатын болады. Қазақстан Өзбекстанның аумағында жиналған деректерге, ал өзбек жағы біздің елдегі деректерге қол жеткізе алады,делінген министрлік ақпаратында.

Қазір қос мемлекеттің сарапшылары су есептейтін қондырғылар орнатылатын орындарды келісіп жатыр. Сондай-ақ жобаға
халықаралық ұйымдарды да тарту бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«Су есептейтін құралдарды орнату екі ел тұтынатын су көлемін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Сәуір айында біз басқа да көршілес мемлекеттермен осындай жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізуді бастауға ниеттіміз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?