Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Путин қайтыс болды

13 наурыз 2024 256

Ресей президенті Владимир Путиннің туысқан ағасы Евгений Путин қайтыс болды. Бұл туралы alash.kz сайты IvanovoNews сайтына сілтеп хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, жерлеу рәсімі 10 наурызда өткен. Бұдан басқа мәлімет жарияланбады.

Ақпарат құралдарының жазуынша, 91 жасында өмірден озған Евгений Путиннің ұлы «Газпромда» басқарма төрағасының орынбасары, ал қызы Ресейдегі ірі көмір кеніштерінің біріне иелік ететін көрінеді. Қысқаша айтқанда, Ресейдегі Путиннің туыстары да майлы жіліктің басында отыр.

IvanovoNews Евгений Путиннің отбасы Ивановада ұзақ уақыт тұрғанын, содан кейін ол ұлына Суздальға көшкенін де жаза кетіпті. 

Жалпы, Ресей президенті Путиннің шыққан тегі туралы алыпқашпа әңгіме көп екені рас. Ол енді басқа әңгіме. 

Путиндер шежіресі төмендегі фотодағыдай өрбиді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?