Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда үйінді астынан адам іздейтін аппарат көптеп сатыла бастады

11 наурыз 2024 105

 

Жақында журналист Михаил Козачков мемлекеттік сатып алу сайтындағы лотқа көзі шалып қалған. Сөйтіп,Алматыда үйінді астында жатқан адамдарды іздеу үшін 5 радар сатып алынғанын байқапты. Ол үшін мемлекеттен 53,5 миллион теңге бөлінген.

Бұл ақпаратқа қатысты Алматының құтқару қызметі пікір білдірді. Олардың сөзінше, бұл құралдарды сатып алу өткен жылдан бері жоспарланған көрінеді.

"Оның ішінде шатырлы қалашық, құрал-жабдықтар, гидроқұтқару құралдары, үйінді астынан зардап шеккендерді анықтауға арналған құрылғылар да бар. Құтқарушылар міндеттерінің қатарында әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі жұмыс бар. Мысалы, көшкін, қар көшкіні, жарылыс, зардап шеккендердің орнын тез арада анықтау қажет", - дейді ұйым өкілдері.

Айта кетейік, Алматыда 4 наурызда 12.22-де 5 балдық жер сілкінісі болған еді. Артынша жауапты ведомстволар Алматыда жойқын жер сілкінісі болмайды деп сендірген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?