Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Экология министрі Үкімет басшысына есепті асырып берді ме?

12 наурыз 2024 96

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов пен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа берілген тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу бойынша мәлімет үйлеспей қалды.

Ведомство басшысы елімізде қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 45 жоба іріктеліп жатқанын айтты.

Мұнда 37 жаңа зауыт салу және жұмыс істеп тұрған 8 зауыттың қуатын арттыру сынды жоспар бар. Жобалардың жалпы қуаты жылына 1,2 млн тоннадан асады. Ал құны – 171,6 млрд тенге, оның ішінде жеке инвестицияның көлемі – 34,3 млрд теңге, - деді Ерлан Нысанбаев.

Осы кезде премьер-министр өзінің қолында одан басқа мәлімет барын айтты.

Маған 35 жаңа зауыт салынады деген ақпарат түсті, ал сіз баяндамаңызда 37 жаңа зауыт салынады дедіңіз. Тағы 2 зауыт қайдан қосылды? - деді Олжас Бектенов.

Экология министрі Үкімет басшысынан кешірім сұрап, жағдайды түсіндірді.

«Тағы екі зауыт Астана қаласынан қосылып отыр. Кешірім сұраймын, кеше баяндамаға қосылды. Жобаларды іске асыру деңгейі жоғары», - деді Ерлан Нысанбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?