Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыдан көшкісі келмеген мәскеулік әйелдің жүрекжарды сөзі тарады

11 наурыз 2024 112

1,5 жыл бұрын Ресейден Алматыға көшіп келген әйелдің видеосы тарады әлеуметтік желіде. Онда ол жер сілкінісінен қауіптенетіндерін, сол себепті Мәскеуге қайтуға бел байлағандарын айтады.

"Қазақстанда жарты жыл тұрдық. Бұл өмірімдегі жарқын сәттердің бірі. екі күн бұрын көзіме жас алдым. Неге дейсіз бе? Қазақтар маған орыстарға қарағанда туғанымдай болып кетті. Сіздерге шынымен айтып отырмын. Елде тұрып көргендер олардың жаны жайсаң, жылы қарым-қатынасын… тіпті қалай түсіндіретінімді білмеймін" дейді желі қолданушы.

Оның айтуынша, Алматыға бауыр басып қалған көрінеді. 

"Алматыдан кейін Мәскеуге қайту өте қиын. Қазақстанды, Алматыны сағынатын боламын. Мұнда өмір басқаша… Күнде таңертең терезеден қарағанда тау көрінеді. Жақсы көріп қалдым. Баланы қоларбамен көшеге алып шығып, аялдамаға келсең, қайдан шыққаны белгісіз, бір адамдар пайда бола кетіп, автобусқа мінуге көмектесіп жібереді. Ал мұндай көріністер Мәскеуде болды ма?.. Жоқ! Ешқашан, – деген ол көзі жасқа толған видеосымен бөліскен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?