Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бибосынов пен Махметов бір-біріне қарсы шығады

07 наурыз 2024 195

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде Сәкен Бибосынов пен Азат Махметов өзара мықтыны анықтайды.

1bol.kz мәліметінше,51 келіде 10 наурыз күні Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов пен Бахрейн намысын қорғап жүрген қазақ боксшысы Азат Махметов сынға түседі.

Бұрын Қазақстан құрамасының мүшесі болған Азат Махметов екі рет ел чемпионатында жеңімпаз атанған. Кей жылдары «Астана арландары» сапында өнер көрсетті.

Алайда, Азат Махметов Бахрейн құрамасына барғалы халықаралық сында әзірге жоғары жетістікке қол жеткізген жоқ. 

Бұған дейін әуесқой бокста халықаралық жарыстарда Қанат Ислам (Қытай) мен Бақыт Сәрсекбаев, Нұрбек Оралбай мен Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Айбек Оралбай мен Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан) қарсылас ретінде шаршы алаңға шыққан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?