Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Біләл Ердоған қазақ күресіне билет сатып алды

22 наурыз 2024 141

Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында (8-14 қыркүйек, Астана қ.) өтетін қазақ күресі жарысының алғашқы билетін сатып алды.

Бүгіндері қазақ халқының төл күресі – қазақ күресі халықаралық аренада қарқынды дамып келеді. Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясы қазақ күресінің халықаралық олимпиадалық қозғалысқа қосылып, оның ілгерілеп дамуына үлкен қызығушылық танытуда.

Аталмыш спорттық іс-шара 12 қыркүйек күні, сағат 16.00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Айта кетсек, 21 наурыз күні EXPO Халықаралық көрме орталығындағы 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасы іске қосылған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?