Posted inЖаңалықтар

Зиялы қауым өкілдері жолдау туралы пікірін ашық айтты

ДИНАРА ЖАҢАБАЕВА
ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒАЛЫМ ХАТШЫСЫ
Мемлекеттің басты байлығы – халық болғандықтан, сол халықтың жалпы әлеуметтік экономикалық бағытына басты назар аударып, халықтың тұрмысын арттыру мақсатында ауқымды қадамдар жасалып отыр. Паралментке, Үкіметтің алдына үлкен міндеттер қойылды. Әсіресе, мына жастардың білім саласына көп назар аударылды. Жоғарғы сыныптардың жаратылыстану, ағылшын пәндеріне ден қойылуы – бұл да бір білім саласына бөлінген айрықша назардың бірі деп есептеймін.

ҚАСЫМХАН БЕГМАНОВ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын өте мұқият тыңдадым. Негізінен халыққа қарай оң өзгерістер бар. Біріншіден мына сәбилердің, балалардың 18 жасқа дейін Ұлттық қордан ақша аударып тұратын жөніндегі шешімі маған ұнады. Екіншіден, бізде қазір Қазақстанда жол мәселесі өткір. Жолда көп жүреміз. Жергілікті жердегі жолдардың бәрін, жол мәселесінің 95 пайызын 2025 жылға дейін жөндейміз деген нақты шешімі де ұнады. Сосын шаруашылықтағы 10 миллионға дейінгі бос жатқан жерлерді, түрлі жолдармен алып алған жерлерді биыл, келесі жылдың соңына дейін  мемлекетке қайтадан қайтару жөніндегі шішімі маған қатты ұнады.

Пікір үстеу