-15.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Жоспар көп, жоба айқын

Бүгін ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі жұмыс сапарымен Алматыға келді. Әуелі интернет ресурстар өкілдері және блогерлермен кездесті. Еркін форматта өткен кездесуде әріптестерді министрліктің алдына қойып отырған негізгі міндеттері мен ақпарат саласындағы жалпы жаңалықтарынан хабардар етті.
Министрлік жаңа медиа мен дәстүрлі медиаға теңдей қолдау жасап отырғаны туралы айтты министр. Д.Қыдырәлі «Қазір талқыланып жатқан масс-медиа туралы заң жобасы аясында журналистердің мәртебесін көтеру, мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін реформалау, өзін-өзі реттеу институттарын дамыту, телерадио хабарларын тарату саласындағы трендтерді өзгерту жоспарланып отыр» – деді.
Қазіргі күні әр түрлі платформаларда көптеген фэйк ақпараттар таралып жатқаны анық. Министр журналистерді әрқилы қауесет пен тексерілмеген ақпараттарға ұқыпты болуды тапсырды.
Министрлік тарапынан Интернет-жарнама және онлайн платформалар туралы заң жобасы әзірленіп жатқаны туралы айтты. «Бұл заң жобасы шеңберінде қолданушылардың жауапкершілігі күшейеді. Шетелдік платформалардың қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес реттеледі. Әлеуметтік желі иелері өз интерфэйсін қазақстандықтар үшін мемлекеттік тілде ұсынуға міндеттеледі» – деді, ақпарат басшысы.
Кездесу соңына қарай журналистер өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, сауалдарын қойды. Дархан Қыдырәлі олардың сауалдарына жауап беріп, алдағы уақытта да мемлекет мүддесі үшін жұмыс істеуге шақырды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар