22 C
Almaty
Жексенбі, Маусым 4, 2023

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Орал қаласында VI Uralsk Green Forum халықаралық...

Астанада Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов «Astana polytechnic»...

Құны 10 миллион доллар. Ковид вакцинасының тағдыры қалай болады?

Олардың құны миллиондаған долларға бағаланады. Қазақстанның бас...

Жолдауда инновацияны дамытуда ғылымға қолдау қажет дегені көңілден шықты – пікір

 

Президенттің халыққа Жолдауына қатысты  әр саланың мамандары өз ойларын ортаға салып, үн қосуда. ҚР ҰҒА академигі Әбдірәсіл Жәрменов те маңызды құжатта айтылған, Жолдауда өз көңілінен шыққан кей тұстарға тоқталып өтті.
«Ғылымда егер инновацияны дамытуға мекемелер қаржы бөліп жатса, оны салықтан босату керек деген бұрыннан ойымызда жүрген болатын. Соны Жолдауда біздің Президентіміз ашып айтты. Содан кейін маған тағы бір ұнаған жерлері  – құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысын қалыпқа келтіру, соттардың бір-біріне бағыныштылығын азайту. Бізге де өте өзекті мәселе. Себебі біз көп жағдайда соттасуға мәжбүрміз. Енді сол сұрақтарды қиындықсыз шешуге болатын сияқты. Мынау Үкімет  пен министрліктер арасындағы немесе министрлік пен мекеменің арасындағы түсініспеушілік болса, оны сотқа бермеу, сол Үкіметтің, министрліктің деңгейінде шешу керектігі де біздің жұмысымызға оң әсер етеді деп ойлаймын», – дейді ҚР ҰҒА академигі Әбдірәсіл Жәрменов.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар