-6.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Жолдауда халық игілігіне қажетті біршама маңызды әлеуметтік мәселелер көтерілді

Тоқтарбекова Лаура Ниязбекқызы,Философия, саясаттану және дінтану институтының Дінтану орталығының жетекші қызметкері, PhD
– Жастарға жан-жақты қолдау көрсету. Жаңа Қазақстанның болашағы жастар болғандықтан, оларды жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5 пайызбен несие беру құптарлық. Алайда тек кәсіпкерлік үшін ғана емес, жастардың басты мәселесі баспана болғандықтан, оларға тұрғын-үй жағдайын түзету үшін де 2,5 пайызда несие берілген дұрыс.
– Әрбір балаға кәмелеттік жасына толғанға дейін Ұлттық қордан қаражат бөлу. Бұл жинақталған қаражат жеткіншектің білім алуы мен үй сатып алуына жұмсалады. Егер бұл бастама шынымен іске асырылатын болса, көптеген әлеуметтік жағдайы төмен отбасы үшін үлкен көмек болатыны анық.
– 32 аудандық аурухананы толық модернизациядан өткізу. Дені сау ұлт – сау мемлекет дегендей, емханалар мен ауруханалардың қазіргі жағдайы мәз емес екендігі баршаға мәлім. Сондай-ақ кейбір ақылы немесе ақылы емес емдеу орталықтарында отырған жас дәрігер мамандардың кәсіби деңгейлерінің төмендігі де белгілі. Бұл орайда резидентура үшін гранттарды 70 пайызға көбейту оң шешім.
– Орта білім беру сапасын арттыру. Әлі толықтай шешілмеген мәселе – Алматы, Нұр-Сұлтан және т.б. қалаларының кейбір аудандарында мектеп тапшылығы. Сыныптарда оқушы саны 30-32-ден асып кеткен, бастауыш сыныпта оқитын оқушылар санының көптігінен үш ауысымнан оқиды. Біз «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын шартты орындау барысында, 150-200 түтіннен аспайтын шағын ауылдарда 1000 орындық мектептер салынып, қаңырап бос тұрғанын да білеміз. Осы қателікті қайталамау үшін халық саны көп аудандар мен ауылдарға ғана мектептер  мен ауруханалар салу керек.
– Мектепке дейінгі тәрбие мәселесін басты назарға алу. Балабақша тәрбиешілерінің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейтіп, жұмыс жүктемесін азайту, ең бастысы, балабақшаны емес, сонда қызмет ететін тәрбиешіні аттестациядан өткізу жұмыс берушінің білікті маманды жұмысқа алуына кепілдік береді. Өйткені соңғы кездері әлеуметтік желілерден балабақша тәрбиешісінің немесе күтушісінің балаға жасаған психологиялық, физикалық қысым көрсетулерінің куәсі болудамыз. Оның себебі – мемлекеттік немесе мемлекеттік емес балабақшаға педагогикалық білім бар немесе универиситетті енді бітірген жұмыс таппай жүрген кез келген адамды жұмысқа қабылдай береді. Өйткені тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілерінің жалақысы аз болғандықтан, оған арнайы мектепке дейінгі білім бар маман өздігімен келмейді. Сондықтан, тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілерінің біліктілігін тексеру үшін аттестациядан өткізу маңызды.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар