2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Жол құрылысына, жөндеу жұмыстарына кедергілер де көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жол саласындағы жемқорлықты жойып, сапасыз жол үшін жауаптыларды да жазаға тартуды тапсырған еді. Содан бері жол құрылысы саласында оң өзгерістер байқалуда. Қалыптасқан жүйе өзгеріп, нақты проблемалар мен жол саласындағы кедергілер де ашық айтыла бастады.

Алматы көшелерінде жол құрылысымен айналысып, қала жолдарын салуда тер төгіп жүрген компаниялар да жұмыс барысында кездесетін түрлі кедергілердің барын жасырмайды. Мәселен, «Гордорстрой-2» мекемесінің бас инженері Роман Башланов жұмысты қиындататын бірнеше жайтты атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша жеңімпазды анықтау мен жұмысты тапсыруда қиындықтар бар.

«Байқау сәуір айында ойнатылады. Ал негізгі көшелердің жаңадан төселген жолын қыркүйек айында тапсыру керек. Сол үшін байқаудың уақыт шектеулерін өзгерту қажет сияқты», – деп есептейді маман.

Одан бөлек, қаладағы инженерлік желілер технологияға сай емес. Жөндеу кезінде қазып алынған топырақ қабатын қайта көме салады. Ол уақыт өте келе басылып, асфальт қабатын бүлдіреді дейді жол маманы. Ал құрылыс материалдарының күн сайын шарықтауы, тіпті, қиындық туғызады екен.

«Мердігер компаниялар бекітілген сметалық құжат бойынша байқауда жеңеді. Ал құрылыс барысында бір жыл ішінде асфальт-бетон құны зауыттарда бірнеше есе қымбаттайды. Қайта келісімшарт жасау мүмкін емес», – деген пікірде Роман Башланов.

Ал мемлекеттік органдар тарапынан болатын түрлі тексерулер де жұмыс барысына теріс ықпал етеді дейді «Гордорстрой-2» өкілі. Себебі тексеру кезінде мамандар үшін өндіріс тежеліп, жұмыс уақыты азайып қалады.

Алматы қаласында 3000 шақырымдық жол төсемесі бар. Сол жол жабынын сапалы қалыпта күтіп ұстау үшін Ұлттық сапа орталығының мамандары үнемі тексерулер жүргізеді.

 

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар