5 C
Almaty
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Жигули мырза есімін келеке қылған Ертісбаевқа жауап берді

«Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Ермұхамет Ертісбаевтың Қазақстан Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев туралы айтқан сөзіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Экспресс К.

Президент сайлауына үміткер болу арқылы өз атын шығаруға тырысқан популистік әрекеттен басқа ештеңе емес. Бөгде жанның есімін келеке ету — азаматтық кемсітушілікпен шектесетін жиіркенішті ерсі қылық әрі мәдениетсіздік пен әдепсіздік көрінісі,

— деп мәлімдеді партиядағылар.

«Ауыл» партиясы басқа партия жетекшілерінің саяси ергежейлі сияқты әрекетіне мүсіркеушілікпен қарайтынын жеткізді.

Мұндай тәсілдер адамгершілікке негізделген мемлекет ұстанымдарына нұқсан келтіреді. Біз жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлтымыздың игі дәстүрлерін құрметтейтін қоғамда мұндай құбылыстарға орын жоқ екеніне сенімдіміз,

— делінген партия мәлімдемесінде.

Бұған дейін Халық партиясының көшбасшысы Ермұхамет Ертісбаев: «Жигули Дайрабаев сайлауда 0 пайыз дауыс жинап, Гиннестер рекорды кітабына енетін болар. Себебі ешкім Астана атауын Жигули деп ауыстырғанын қаламайды» деген еді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар