Жаңадан құрылған Жетісу облысына әкімі болып Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын.», – делінген хабарламада.
Исабаев бұған дейін ҚР Парламент Сенатының депутаты болған.