6 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 20, 2023

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Омбыда қазақ тілі міндетті пән ретінде енді оқытыла бастады

  Ресейдің Омбы қаласындағы мектептерде қазақ тілі міндетті...

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты

Белгілі әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықты. Ұзату тойы...

«Жерді қайтару керек болса, Назарбаевтың фамилиясына қарамаймыз» – Е.Қарашөкеев

Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев жекеменшікке заңсыз өтіп кеткен жерлерді қайтаруда ешкімнің шыққан тегіне, фамилиясына қарамайтындарын айтты, деп хабарлайды Алаш сайты.

Үкімет отырысынан кейін министрден тілшілер: «Тұңғыш президент — Елбасы туралы» заң күшін жойғалы жатыр. Осыған байланысты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелеріне тиесілі жерлер қайтарыла ма?»деп сұраған.

Кім және фамилиясы қандай болса да, біз оған қарамаймыз. Барлық жерді тексереміз. Фактілер болса, алған жерді пайдаланбаса, жерді заңсыз берген болса, әрине, міндетті түрде ол жерді тексеріп, елге қайтарамыз,

— деді Ербол Қарашөкеев.

Өткен аптада Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылды деп жазғанбыз.

Былтыр күзде Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына сапарында мемлекетке 20 миллионнан астам гектар жайылым жер қайтырылады деген болатын.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар