2 C
Almaty
Сенбі, Ақпан 4, 2023

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Түркия 2022 жылғы туризм нәтижесін жариялады. Бұл...

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Жазықсыз тұтқындалған 1083 адам босатылды – Бас прокуратура

Ешбір қылмысқа қатысы жоқ 1083 адам босатылды. Бұл туралы ОКҚ де өткен брифинг кезінде бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

«Президенттің ауырлататын мән-жай болмағанда жазаны жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес біраз жұмыс атқарылды. Жалпы сотта Қаңтар оқиғасына қатысты 9213 әкімшілік іс қаралды. Сот шешіміне сәйкес мән-жайдың жеңілдігін ескере отырып 4561 тұлғаға ескерту жасалды, прокурорлардың өтініш-хатының негізінде 1083 адам қамаудан босатылып, 490 айыппұл жазасы ескертуге ауыстырылды. Қазіргі уақытта 362 адам әкімшілік қамауға алынып, 1245 тұлғаға айыппұл салынды», – деді Елдос Қилымжанов.

Сондайақ ол қаңтар оқиғасына қатысты өзге де деректерді айтты.

«Прокурорлар Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторын тексеру кезінде дене жарақаты бар 73 адамды анықтады. Оның ішінде үшеуіне қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді, олар қазір бостандықта.

Біздің нұсқаумен ұсталғандардың арасында оқ жарақатын алған 29 адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Қамауға алынып, жарақат алған 41 адам тікелей изоляторда ем алуда. Қатыгездікпен қарау, сондай-ақ медициналық көмекті көрсетпеу жағдайларын тәуелсіз тексеру мақсатында адам құқықтары жөніндегі уәкіл және басқа да адам құқығын қорғау ұйымдарына ұстау мекемелеріне кіруге рұқсат берілді», – деді Бас прокуратураның Бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар